ЖАТАҚХАНА

»

«KTI Academy» білім алушылар мен жас оқытушылар тұратын бір жатақхана салған болатын. Оқу кампусының ішінде орналасқан жатақхана ғимараты 5 қабаттан тұрады және 320 адамды қамтиды. Сонда қыздар бөлек ұлдар бөлек қабаттарда тұрады. Бөлмелер, кабинеттер толығымен заманауи жабдықтармен жабдықталған. Тұрғындар тек қана өз керек-жарақтарымен келіп қонады, барлық қонақ заттары жатақхана басқармасы тарапынан беріледі. Әр 15 күнде бір рет көрпелер, төсектермен жастықтар жуылып, тазаланып орнына қойылады. Тұрғындар бөлмелерін тазаламайды, кір жұмайды, тамақ дайындамайды, осылардын барлығын жатақхана басқармасы жүзеге асырады.

Жатақхана ақылы болып, 3 мезгіл ыстық ас берумен орындалады. Жатқханада тек қана студенттермен оқытушылар қонады, бөтен адамдар тұрмайды. Ақыны төлеу жарты жылдық және жылдық төлеу арқылы, келісім шарт негізінде жүзеге асады. Жатақханада тұру ақысы 3 мезгіл беріліп отырылған астың бағасымен бірге есептеледі және қабылданады, жатақхана қонақ үйі сынды қолданылмайды.

Жатақханада тұру келісімшарт және бұйрық негізінде жүзеге асады. Бөлмелер 2, 4, 6, 8 адамдық орындардан тұрады. Түнде-күнде ыстық су және интернет болады, Wi-Fi-интернет үшін қосымша ақы төленбейді. Жатақхана директор тарапынан басқарылады.


«
УО «Kazakh-Turk International Academy»
Адресс:  Қазыбек би №168
Tел:        +7 (727) 379-78-94
Факс:      +7 (727) 379-78-93
Е-mail:     info@ktiacademy.kz
© 2022 KAZAKH-TURK INTERNATIONAL ACADEMY
Made on
Tilda