«KTI Academy»-дің мақсаты: Kazakh-Turk International Academy (KTI Academy)-нің мақсаты, Жарғысы мен құрылу арманына сәйкес, оқу үдерісімен, білім беру, ілім-ғылым, тәлім және тәрбие қызметтерімен айналасу; бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын іске асыру; сапалы білім және саналы тәрбие беру арқылы ғылымның дамуына, ұллтық және рухани құндылықтарға, заманауи білім мен технологияға ие болған жастардың тәрбиеленуіне өз үлесін қосу болып табылады. Сонымен қатар қазақстандық жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына ыңғайлы төлем ақысымен, Түркиядан мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік емес органдардан табылған гранттар бөлумен, төлем ақысына 5-50 пайыз арасында жеңілдіктер берумен жоғары оқу орнында оқу мүмкіндігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Kazakh-Turk International Academy (KTI Academy), техникалық базасы, күшті оқу корпусы, электоронды және электоронды емес кітапхана фоны, заманауи жабдықталған жатақхана және 3 мезгіл ыстық тамақ дайындаған асханасы, мұражайы және мұрағаты, оқу, семинар және спорт залдары, лабораториялары және зертханалары мен ғылыми-зерттеу институты, тіл үйрету орталығы, теле-радио студиосы және т.б. органдарымен бакалавриат және жоғары білім беруден кейінгі оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға жағдай жасалған, Білім және Ғылым Минстрлигі лицензия бергенде Kazakh-Turk International Academy (KTI Academy) күшті академиялық-ғылыми кадры, халықаралық байланыстары, шетелдік серіктестерімен «сапалы білім және саналы тәрбие» беру арқылы ілім және мәдениет саласында қызмет көрсетуді ең жоғары мақсат тұтып отыр.