Академия тарихы

»

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Kazakh-Turk International Academy ( KTI Academy)

 

Қазақстан Республикасы Орталық Азия Мәдениет Қоры-қоғамдық қорының «Құрылтайшылар Жиналысы», жоғары білім беру қызметін әрі қарай «Kazakh-Turk International Academy» (KTI Academy) арқылы іске асыру туралы шешім қабылдады. Академиямыз қала орталығында үш қабатты, ғимаратта орналасқан. Ғимаратымызда жаңа заман талабына сай дәрісханалар, тіл лабораториялары, конференция залы, кітапхана, буфет, кафетерий сияқты әлеуметтік және мәдени мүмкіндіктер бар.

Осыған орай атқарылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, дайындалатын құжаттар Орталық Азия Мәдениет Қоры-қоғамдық қорының президенті басқарып отырған комиссия тарапынан жүзеге асырылды. Осылайша «KTI Academy» технихалық-физиқалық базасы, құрылу негіздері және адами қайнар көздерімен ашылып қызмет көрсетуге дайын болды.

Kazakh-Turk International Academy (KTI Academy) 2022 жылының желтоқсан айында Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Казыбек би көшесі №168 мекен-жайында ашылды. Құрылтайшысы «Орталық Азия Мәдениет Қоры» қоғамдық қоры. KTI Academy сапалы білім және саналы тәрбие берумен қатар жастарды рухни жақтан тәрбиелеп, мәдениетті, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп ұстанады.

«KTI Academy» бакалавриат және жоғары білім беруден кейінгі білім беру салаларында қызмет көрсету үшін ашылған білім мекемесі.

Сонымен қатар, «KTI Academy» отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына жастарды кәсіби дайындап, Түркияның озық университеттеріне түсу үшін дайындық курстарын жүргізеді және грантқа түсуге мүмкіндік береді. Халықаралық стандарттарға сай тіл үйрету курстары өткізіледі.

KTI Academy-де білімді, креативті қазақстандық және шетелдік оқытушылар сабақтарды қызықты және заманауи интерактивті технологияларды пайдалана отырып жоспарлайды және өткізеді.

Курстар заманауи жабдықтармен жабдықталған аудиторияларда жүргізіледі.

KTI Academy бәсеке алаңына айналған, жаһанданған дүниеде жастарға заман талабына сай білім беруге және оған керекті материалдық техникалық жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етуге тырысады. Жастардың білім алуына барлық жағдай жасалғаннан кейін ғана олардан нәтиже күте аламыз.

KTI Academy жақын келешекте бакалавриат және магистратура денгейлерінде білім беруді; ілім-ғылым, білім және мәдениет, өнер және спорт салаларында да курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Академик доктор, профессор Сабри ХИЗМЕТЛИ

«Kazakh-Turk International Academy»

(KTI Academy), Президенті 


«
УО «Kazakh-Turk International Academy»
Адресс:  Қазыбек би №168
Tел:        +7 (727) 379-78-94
Факс:      +7 (727) 379-78-93
Е-mail:     info@ktiacademy.kz
© 2022 KAZAKH-TURK INTERNATIONAL ACADEMY
Made on
Tilda